Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Германияда қаза тапқан Айгүл Сайлыбаеваның өліміне енесінен басқа тағы кім кінәлі?

19:08, 12 маусым 2025 499

Германияда қаза тапқан қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті ретінде оның енесі — Наталья Донцова жарияланған болатын, деп жазады Alash.KZ.

Қазір Донцова Еуропа аумағында іздеуде жүр.

Алайда марқұмның туыстары Германиядағы тергеу жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтып отыр. Олар Донцова бұл қылмысты жалғыз жасай алмайды деп есептейді.

Айгүлдің қайтыс болғанына бір жыл өтсе де, жақындарына іс материалдары тек бір ай бұрын ғана берілген. Айгүлдің ағасы Жанат Сайлыбаев істің кейбір деректерін ғана аударып үлгергенін айтты.

«Дармштадт прокуратурасы ұсынған ақпараттардан біз Наталья Донцоваға Айгүлді өлтірді деген күдік тағылып, оның Еуропа аумағында іздеуде екенін білдік. Алайда Интерпол бұл іздеуді жүргізіп жатыр ма, ол жағы белгісіз», — дейді ол.

Интерполдың ресми сайтында іздеуде жүрген екі Наталья бар, бірақ олардың арасында Донцова жоқ.

  • Айгүлдің отбасы тергеудің барысына наразы.

  • Донцоваға бұл қылмыста кім көмектесті?

  • Қазақстанның құқық қорғау органдары өз азаматының құқығын неге қорғамай отыр?

Айгүлдің жақындары бұл істің әділ тергелуін, кінәлілердің барлығы жазалануын талап етуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

23 бала көз жұмды

15:47, 12 маусым 2025 212