Германияда қаза тапқан судья Айгүл Сайлыбаеваның бұрынғы күйеуі мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.
Кісі қолынан өлім құшқан экс-судьяның бұрынғы күйеуі мен енесінің қазіргі уақытта Мәскеуде екені белгілі болды. Олар Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысы бар деп күдікке ілініп отыр. Алайда, күдіктінің өзі тағылған айыптармен келіспейтінін және өзіне қасақана жала жабылып жатқанын алға тартты.
Күдікті Александр Донцов - Жоғары экономика мектебінің ғылыми қызметкері. Ресми мәлімет бойынша, 2 ақпанда Александр мен оның анасы Наталья Мәскеудегі Тергеу комитетінде жауап берді. Жауап алу барысында Наталья Донцова Ресей Конституциясының 51-бабына сүйеніп, көрсетпе беруден бас тартқан. Айта кетерлігі, Германияда оған қатысты қылмыстық іс қозғалған, алайда ол құқық қорғау органдары шешім шығарғанға дейін елден кетіп үлгерген.
Желіде тараған видеода ер адам бұқаралық ақпарат құралдарында өзіне қатысты айтылып жатқан деректердің көбі шындыққа жанаспайтынын айтып, жұртшылықты жалған мәліметтерге сенбеуге шақырды.
Алып-қашпа әңгімелер өте көп. Өтірік айтып жатыр. Дезинформацияға сенбеулеріңізді сұраймын! Арандатушыларға ермеңіздер!