Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Геннадий Головкин Қазақстанда «мафия» құрып жатыр" - ресейлік арна

20:50, 24 қаңтар 2025 603

Ресейлік YouTube-арна өкілі Геннадий Головкиннің қызметі туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды  Alash.KZ порталы Todayinfo-ға сілтеп.

Ресейлік YouTube-арна «неКАРАтэ» авторы әйгілі қазақстандық боксшы және қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы болып отырған Геннадий Головкин туралы пікір білдірді. 

Автордың айтуынша, Головкин ел спортының дамуына белсенді үлес қосуға дайын.

«Қазақстанда бокстан жұмыс істеп жүрген жалғыз адам – Головкин. Ол бәрін басқарады: басқармада, Олимпиада комитетінде. Қазір Головкин өз адамдарын барлық жерге қояды. Бұл, мүмкін, жаман емес, себебі ол – шынайы спортшы. Менің ойымша, ол спорт үшін жанын салады», – деді арна авторы.

Сонымен қатар, автордың пікірінше, Головкин өз командасын спорттық құрылымдарға қосып, елдегі спорттың дамуына оң ықпал етеді.

«Ол қазір өз «мафиясын» – отбасын барлық жерге енгізіп жатыр. Мафия – бұл отбасы сияқты. Жақсы мағынада айтқанда», – деп қосты ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар