Белгілі актер Ерболат Әлқожа "Массагатке" берген сұхбатында кез келген образды сомдауға дайын екенін айтқан.
"Мен үнемі режиссерлерге кез келген рөлді ойнаймын деп айтамын. Маған бәрібір. Құл болса құлды, бай болса байды, батыр болса батырды, гей десе, гейді ойнауға дайынмын. Мен тек соны шығаруға ұмтыламын. Шын әртіс образ талғамауы тиіс. Актер әмбебап болуы керек. Бір образда қалып қоюға болмайды", - деп жауап берді ол.
Ерболат Әлқожа - қазақстандық танымал актер. Елімізге белгілі бірнеше жобаларда бой көрсеткен. Әсіресе ел арасында режиссер Асқар Ұзабаевтың "Бақыт" драмалық фильміндегі образымен есте қалды. Фильм тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналған. Бұдан бөлек, "Талақ" және "Пейіш. Жұмақ ананың табанының астында" сынды толықметражды фильмдерінде өнер көрсетті.