Газа секторын аштық жайлап барады. Біріккен ұлттар ұйымының(БҰҰ) дерегінше, жалпы халықтың жартысынан көбіне аштық қаупі төніп тұр. Бүгінде 2 жастағы балалардың дені аш-құрсау жүр.
Палестина-Израиль қақтығысы басталғалы бері Газада қайтыс болған азаматтардың саны 31 мыңнан асты және 73 мыңнан аса адам жараланды. Зардап шеккендердің көбі — әйелдер мен балалар.
Газаның барлық тұрғындары дерлік көмекке мұқтаж. Жақында Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы БҰҰ-ның басқа агенттіктерімен бірлесіп, гуманитарлық көмекке қол жетімділікті жеңілдетуге және жеделдетуге шақырды.