Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ғарышқа сапар шабыт сыйлады

24 қаңтар 2024 161
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған ғарыштағы тұңғыш түрік ғарышкері Альпер Гезеравжымен бейнесұхбат өткізді. Бұл ел алғашқы ғарышкерінің сапарын жіті қадағалап отыр.

Гезеравжы ғарыш сапары аясында Халықаралық ғарыш станциясынан Түркиямен кемінде жеті рет байланыс өтеді. Осы аяда алғашқы байланыс Президент Ердоғанмен болды.

Президентпен сөйлескен ғарышкер «Жоспарлы түрде тәжірибелерді жасап жатырмын. Өзіме берілген барлық тәжірибелерді ақтауға барымды саламын. Халықаралық ғарыш станциясындағы ортаға тез үйреністім» деді. Президент те өз сөзінде Ұлттық ғарыш бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған бұл маңызды міндет балалар мен жастарға шабыт әкелгенін жеткізді.

https://we.tl/t-RKFV4TqOjc

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?