Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ғалымжан есінен танығанша ұрылған, жағдайы ауыр”: Заңгер Мұқасан жайлы бар шындықты айтты

19:57, 24 қараша 2025 557

Танымал әнші әрі актер Ғалымжанға жасалған шабуылға қатысты оның қорғаушысы, заңгер Инга Иманбай мәлімдеме жасады, Alash.kz ұлттық порталы.


“Ғалымжан есінен танығанша ұрылған! Оны алда операция күтіп тұр.

Мұқасан Шахзадаев тарапынан аяусыз соққыға жығылған қорғауымдағы азамат – танымал әнші әрі актер Ғалымжан мырзамен кездестім. Оның қазіргі жағдайы өте ауыр.

Дәрігерлер қолының сынғанын, мұрнының сынғанын, бетінің қатты ісіп-көгергенін растады. Алдағы күндері мұрнына жарақаттан кейінгі күрделі ота жасалмақ.

Бұл тек денсаулыққа келген зиян емес. Бұл – адамның өміріне, еңбегіне, шығармашылығына жасалған қастық.

Ғалымжан мырза дәл қазір түсіріп жатқан фильмінің жұмысы тоқтап тұр. Оның кесірін 40 адамнан тұратын бүтін бір кино тобы тартып отыр. Себебі бет-әлпеті қатты жарақаттанған адам камера алдына шығуға жарамайды. Бұл – нағыз масқара жағдай.

Ең сорақысы – мәдениет саласының өкілдері өз әріптесін жабылып ұрып, есінен тандырып жібергені. Бұл – өнер адамына ғана емес, жалпы қоғамға жасалған жабайылық, адамшылықтан безген әрекет.

Ал полиция болса, әлі күнге дейін
«Мұқасан Шахзадаев қашып жүр, табылмай жатыр» деп мәлімдеуде. Сіздер бұған шынымен сенесіздер ме?..

Біз – мен, заңгер Инга Иманбай, Жан Ахмадиев және біздің команда – бұл істі соңына дейін жеткіземіз.

Атаққа да, беделге де, таныс-тамырға да қарамай, әділ жаза қолданылуы үшін бар күшімізді саламыз.
Ғалымжан мырзаның құқығы тапталмауы керек. Бұл іс міндетті түрде әділ шешімін табады”,- деп жазды адвокат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар