Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Футболдан ұлттық құраманың экс-жаттықтырушысы Магомед Адиев Қазақстанға қайтып оралатынын айтты

19:37, 05 маусым 2024 457

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев Қазақстанға қайтып оратуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол елді “екінші отаным” деп атап, алдында үлкен сынақ күтіп тұрғанын жеткізді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

 Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев өзінің құрама жаттықтырушысы қызметінен кетуі туралы былай пікір білдірді.

"Келесі жыл мен үшін жаттықтырушы ретінде өте маңызды болмақ. Өйткені "жоспар бойынша ұзақ нәтиже көрсете аламын ба, жоқ па?" деген және "РПЛ-де жоғары деңгейлі жаттықтырушы бола аламын ба?" деген санамда сауал тұр.
Орташа деңгейдегі жаттықтырушы ретінде қолымнан келгенінін көрсеттім. Енді өзім үшін маңызды жаңа қадамға аяқ бастым. Алдағы уақытта Қазақстанға қайтып оралатынымды да ешқашан жоққа шығармаймын. Себебі бұл менің екінші отаным", - деді жаттықтырушы.

Естеріңізде болса, біз бұдан бұрын Ресейдің 60 жастағы футбол маманы Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалғанын жазғанбыз. Черчесовтың жалақысы жайлы тараған инсайт ақпарат жұрт наразылығына түрткі болып, маманның біліктілігіне қатысты да пікірталас күннен күнге күшейіп келеді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар