Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжаннан жеңілді

10:52, 07 маусым 2025 161

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжанға есе жіберді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

"Қазақпараттың" хабарлауына қарағанда, қазақстандық футболшылардың Габала қаласында Әзербайжан және Грузия құрамаларымен екі жолдастық матч жоспарланған. 

Алғашқы ойында олар Әзербайжанға 0:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Енді олар 8 маусымда 12:00–де Грузиямен ойнайды. 

Еліміздің жасөспірімдер құрамасы 28 мамырдан бастап оқу-жаттығу жиынын бастады. Алғашқы оқу-жаттығу жиынын Талғар қаласында өткізді.

Бұл құрамаға аға жаттықтырушы Бауыржан Сағындық жетекшілік етеді.

Сондай-ақ еліміздің 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 31 мамыр мен 10 маусым аралығында Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жоспарға сәйкес үш жолдастық матч қарастырылған. Алдымен «Оңтүстік Академиясымен» ойнаса, одан кейін бүгін, 7 маусымда «Тұран» футбол клубымен шеберлік байқасады. Ал 10 маусымда «Ордабасы» клубымен кездесу өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Еуропа чемпионатындағы Қазақстан қыздар құрамасының қарсыластары анықталды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар