Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өтініштер енді қазақ тілінде қабылданады
14:46, 04 наурыз 2024
Фото: inbusiness.kz
Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өтініштер енді қазақ тілінде беріледі.
Нақтырақ айтсақ, трансшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу туралы өтініштерді тіркеу енді мемлекеттік тілде жүзеге асырылмақ.
Qazaqstan.tv ақпаратынша, тиісті шешім Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің бірінші отырысында қабылданды. Осы жылдың ақпан айынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасын Бақытжан Сағынтаев басқарады.
Кеңес қатысушылары экономикалық одақ өндірушілерін қолдауға және жалпы нарықта дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірқатар кедендік-тарифтік мәселелерді, сондай-ақ өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен мәселелерін қарады. Бәсекелестік және техникалық реттеу бойынша сұрақтар да назардан тыс қалған жоқ.
Соңғы жаңалықтар
"Өмірім өзгереді деп ойлаймын". Бибісара Асаубаева ел күтпеген мәлімдеме жасады
16:08, 04 шілде 2026
Әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов әйелін аяусыз соққыға жықты деген күдікке ілінді
16:03, 04 шілде 2026
«Оқиға орнында тіл тартпай кеткен»: БҚО-да жолдасын атып алған ер адамға үкім шықты
19:00, 03 шілде 2026
“Саяси додаға дайынбыз”: “Әділет” партиясының төрағасы маңызды мәлімдеме жасады
18:57, 03 шілде 2026