Жезказғанда қоқыс жәшігінен денесі бөлшектелген ер адам табылды, ол қапқа салынған. Полиция мәліметінше, қаза тапқан адам – 39 жастағы Дмитрий Баранов, деп хабарлайды Alash.KZ.
Оқиға 30 қаңтар түнде Байқоңырова көшесі, 46/1 үйдегі пәтердің бірінде болған. Дмитрий Баранов Светлана Дмитриева мен оның ері Владимир Самохинмен бірге ішімдік ішкен.
Бір сәтте ол әйелге тиісіп, оны ас үй пышағымен қорқытқан. Тергеу нұсқасы бойынша, Дмитриева үстелден пышақты алып, Барановты мойыннан ұрған.
Ер адам оқиға орнында көз жұмады. Содан кейін ол әйел денені бөлшектеп, Самохинмен бірге оны үйдің артына апарып, қоқыс жәшігіне тастай салыпты. Видеоның толық нұсқасынан да көруге болады. 👆🏻
Полиция тергеуді жалғастырып, қылмыстың барлық жай-жапсарын анықтауда.