Қазақ өнерінің аңызы, КСРО халық артисі, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімовтің есімі Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына берілді, деп жазады Alash.kz.
Мәдениет саласындағы бұл елеулі өзгеріс театр ұжымы мен көрермендер үшін тарихи оқиғаға айналды. Енді аталған өнер ордасы ресми түрде Асанәлі Әшімов театры деп аталып, ұлы тұлғаның шығармашылық мұрасын дәріптеуді мақсат тұтады.
Театрдың негізін Асанәлі Әшімов 2018 жылы қалаған. Өнер ұжымының репертуарында «Алматы - махаббатым», «Алладин», «Ашық теңізде», «Тағдыр тақтасы»(А.Әшімов автобиографиялық драмасы) сынды қойылымдар бар.
Асанәлі Әшімовтің театр мен кинодағы қолтаңбасы, оның бірегей бейнелері мен ұстаздық қызметі ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған. Осы қадам арқылы театр өзінің кәсіби деңгейін жаңа сатыға көтеруді көздеп отыр.