Белгілі продюсер Баян Алагөзова Кешью тобы тарихында орын алған ерекше оқиға туралы айтты, деп жазады Alash.kz.
Продюсер топтың мүшесі болған Жұлдыз Өмірғали мен Айқын Төлепбергеннің махаббат хикаясы әнші арудың карьерасына қалай әсер еткенін баяндап берді.
Жұлдыздың жеке өмірінде Айқынның пайда болғанын естіген бойда, бірден: «Жұлдыз, сен жақсы қызсың! Бірақ, Кешью-да қала алмайсың» деп айттым. Шындығында ол өзі кеткісі келген жоқ. Тіпті есімде, Айқын менен Жұлдызды Кешью-да қалдыруымды өтінді. Тіпті, егер, ол басқаруға келмейтін болса, ең мықты әнші қызды да ауыстыруға болады. Өйткегі, Кешью - ол жай ғана қыздардан құралған топ емес! Ол - жоба!