Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Есік көлі мемлекет меншігіне қайтарылды

11:20, 15 ақпан 2024 365
Есік көлі 6 жылдан кейін коммуналдық меншікке қайтарылды

Алматы облысы әкімдігінің ресми дерегі бойынша, көл 2019 жылдың 8 сәуіріндегі қаулының негізінде жекеменшікке өтіп кеткен. 142 гектарға жуық жерімен бірге Есік көліндегі бөгет 49 жыл мерзімге жалға берілген. «Қазэлектроэнергия» ЖШС-мен 1 млрд 052 млн. теңге сомасына шарт жасалған. Алайда аталған компания келісімшарттағы уәделерін орындамаған.
«2023 жылы Алматы облысының қаржы басқармасы міндеттемелердің орындалуына бақылау жүргізу барысында «Қазэлектроэнергия» ЖШС шарттық міндеттемелерінің тиісінше орындалмауын, оның ішінде қаржылық қызмет, атқарылған жұмыс туралы есептерді уақтылы ұсынбауы, көлді тазарту бойынша жоспарланған жөндеу жұмыстарын орындамауы, сондай-ақ уәде етілген жұмыс орындарын құрмағаны анықталды», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоаралық комиссия құрылып, отырыс өткізілгеннен кейін нысанды Алматы облысының коммуналдық меншігіне қайтару туралы шешім қабылданды. Қаржы басқармасы шартты бұзып, нысанды қайтару мақсатында сотқа талап арыз берген және Алматы облысының МАЭС 2024 жылдың 9 қаңтарындағы жылғы шешімі негізінде шарт бұзылып, Есік көліндегі бөгет мемлекетке қайтарылды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар