Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ешқашан жол берген емеспін...»: Қайрат Нұртастың жары өмірлік құпиясын ашты

17:27, 08 қазан 2026

Белгілі эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі оқырмандарымен тілдесіп, өзінің сымбатты дене пішінін қалай сақтайтыны туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі ешқашан арнайы диетаға сүйенбейтінін, алайда ас ішуде шектеулер мен талғам бар екенін жасырмады. Сондай-ақ сымбаттылықтың басты сыры үнемі белсенді қозғалыста болуда екенін баса айтты.

Актриса өзінің күнделікті әдеттері мен тамақтану режимі туралы: 

«Мен ешқашан арнайы диета ұстанған емеспін, калория санап та көрмеппін. Бірақ алдыма келгеннің бәрін жей бермеймін. Артық мөлшер тұрмақ, тыңқия тойып тамақтанбаймын. Аз-аздан, бірақ қалағанымды жей беремін. Сонымен қатар дәрумендерді үнемі үзбей қабылдаймын. Ең алдымен, бұл қозғалысқа байланысты деп ойлаймын. Мен өзіме ұзақ уақыт ұйықтауға ешқашан жол берген емеспін. Спортпен тұрақты айналыспасам да, жұмысымның арқасында үнемі қозғалыста жүремін. Келесі айдың әр күні алдын ала жоспарланғанын жақсы көремін. Ертең не істеймін деп ойлап жүргенді ұнатпаймын», — деп ағынан жарылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар