Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Еселеп жауап береді!»: Трамп сарбаздарының өліміне қатысты өткір мәлімдеме жасады

20:15, 21 шілде 2026

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранның америкалық сарбаздарды өлімге қиған әрбір әрекеті үшін еселеп жауап беретінін айтып, елдің әскери басшылығына арнайы үндеу жолдады, деп жазады Alash.kz.

Ақ үй басшысы дүйсенбіде әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей ультиматум қойып:

«Иран америкалық сарбазды өлтірген сайын, ол үшін еселеп жауап береді! Бұл директива соғыс министрі Пит Хегсетке, Штаб бастықтарының төрағасы Дэниел Кейнға және барлық әскери басшыларға жеткізілді!» - деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Иранды толықтай сал салдарынан қозғалта алмайтын жағдайға жеткізуді көздеген АҚШ қатардан тоғызыншы түн бойы Иранның көпірлерін, электр стансалары мен мұнай инфрақұрылымдарын әуеден бомбалап жатыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бес айдан бері толастамай жатқан АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыста 17 америкалық сарбаз мерт болып, 430-ға жуық әскери түрлі жарақат алған, тіпті тек соңғы демалыс күндері Ирак пен Иордания аумағында 3 сарбаз көз жұмды.

Өз кезегінде Тегеран да қарап қалмай, кеше ғана Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ-тың 5-ші флоты шоғырланған әскери базаларға соққы берді. Сарапшылардың пайымдауынша, қос тараптың бұл соққылары Ормуз бұғазын күшпен ашуға және Иран аумағына құрлық әскерін кіргізу алдындағы дайындық шаралары болуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар