Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ермұрат Бапиді расымен “кім улаған”? - Өзі жауап берді

12:09, 12 қыркүйек 2024 531

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапидің осыдан бірер ай бұрын ауырып, Еуропаға емделіп келгенін білеміз. Бұл аурудың неден болғанын айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол бұл туралы 4VLASTINFO youtube-арнасына берген сұхбатында баяндап берді. 

"Еуропада 14 күн, соның 10 күнінде клиникада болдым. Улану жөнінде ешқандай диагноз анықталмады. Улану деген блогерлердің, жекелеген интернет-ресурстарда айтылып кеткен әңгіме ғой. Мен емес, "жанашырларымның" аузынан шығып кеткен сөз. Дәрігерлер улануды дөп басып, анықтай алмады, уланудың элементтері ағзамнан табылған жоқ. Керісінше, "организмдегі препараттардың бір-бірімен қақтығысы" деген диагноз қойды. Дегенмен күдігім пайда болды, оған себеп дәрігерлердің пікірі болды. Себебі Астанада 40 жыл тәжірибесі бар дәрігер денеме шығатын ісіктерді көріп, мұндайды алғаш рет көріп тұрғанын айтты. Ал Германиядағы дәрігерім мүлдем тәжірибесінде болмағанын айтты. Дәрігерлердің осындай пікірін тыңдағаннан кейінгі күдік болды", - деді ол.

Ермұрат Бапи жау ретінде саналатын адамдардың улап қастандық жасауы мүмкін бе деген сұраққа ұтымды жауап қатты.
 
 
"Бәріне жаға беретіндей 100 долларлық емеспін ғой. Біреуге ұнаймын, біреуге ұнамаймын. Біраз жасқа келдік қой. Түр-әлпетінен, іс-әрекетінен ұнатпай тұрған адамды бірден сеземін. Дегенмен ұнатпайтын адам осындай әрекет жасады деп айта алмаймын. Қолмен ұстап алмағаннан кейін "осылай болды" деп айтуға болмайды", - деді ол.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар