Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ермек Маржықпаев Сметовті Қазақстан құрамасының қатарына қосуға неге қарсы болды?

16:05, 29 шілде 2024 1132

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев бастапқыда Елдос Сметовті Олимпиадаға жіберуге қарсы болған. Бұл туралы журналист Әділ Төлепбергенов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды,деп хабарлайды Alash.KZ. 

Оның сөзінше, Олимпиадаға баруға үш үміткер болған. 

"Ермек Маржықпаев бастапқыда Сметовті Қазақстан құрамасының қатарына қосуға қарсы болған. Бұған жауап ретінде федерация үш  үміткер  арасында  жекпе жек өткізіп, нәтижесінде Елдос жеңіп шықты. Ал министр Маржықпаевта оны олимпиада құрамына қосуға мәжбүр болды", - дейді журналист.  

Сонымен қатар, журналист Әділ Төлепбергенов Елдос Сметовтің президентпен телефон арқылы сөйлесіп тұрған кезіндегі әрекетін сынап тастаған. 

"Елдос Сметов Ермек Маржықпаевқа телефонды қайтарған кезіндегі түріне мән беріңіздерші. Осылайша, Елдос министр бұл жерде тұрған артық адам екенін аңғартқандай. 

Бірақ Маржықпаев президенттің алдында өзін көрсетіп, оның алдында ұпай жинап қалмаса Маржықпаев болмас еді. Олимпиада чемпионы сұхбат беріп жатқан кезде спортшы үшін маңызды сәтте бәрінің назарын өзіне аударудың не қажеті бар? Ал жеке жаттықтырушының еңбегін айтқан кезде Маржықпаевтың түрі де, даусы да өзгеріп кетті», - дейді журналист.

Еске салайық, 27 шілдеде Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Париж Олимпиадасының финалында алтын медальді жеңіп алды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар