Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еркек, не әйел екеніңіз жеке куәлігіңізге жазылады

14:58, 03 мамыр 2024 537

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгертулер енгізбек. Құжат Ашық НҚА жобасында жарияланды, деп хабарлайды alash.kz inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Атап айтқанда, жеке куәлікте енді жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет беріледі. 

"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңның 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азаматтың жынысы туралы мәліметтер болады. Қазақстан азаматының жеке куәлігінің биылғы нұсқасында азаматтың жынысы туралы ақпарат құжаттың чипінде кодталған түрде қамтылады. Осыған байланысты көрнекі аймақта жынысы туралы ақпаратты көрсету ұсынылады", – делінген ішкі істер министрлігінің түсіндірме жазбасында.

Құжат жобасы 21 мамырға дейін қоғам талқылауында болмақ. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар