Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Еркек емес – малсыңдар!»: Димаш Құдайберген әйелге қол көтеретіндерді ауыр сынап тастады

17:56, 18 тамыз 2026

Қазақстанның Халық әртісі, ел мақтанышы Димаш Құдайберген қыз-келіншектерге қол жұмсайтын еркектерге қатысты өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі әйелдерге күш көрсететін азаматтардың әрекетін ашына айыптап, мұндай қадамға баратындарды қатты сынға алды.

Ол өз сөзінде: «Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес – малсыңдар болды. Әйелге әлімжеттік жасап абырой жинаймын деу – адамдықтың ең төменгі шегі!», – деді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар