Экс-депутат Бақытжан Базарбек өзі көлікпен соғып алған Нұржігіт есімді азаматтың қазіргі жағдайына қатысты тың ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Айтуынша, жол апатынан зардап шеккен азамат аудандық емдеу мекемесінен Тараз қаласындағы ауруханаға ауыстырылған. Қазіргі уақытта дәрігерлер науқасқа тиісті ем-дом шараларын жүргізіп жатыр.
Бүгін - 28 тамыз. Біздің Нұржігіттің комада жатқанына 13 күн болды. Денсаулығында бірқатар клиникалық жақсы өзгерістер бар. Сондықтан, бүгін - біз үшін, мен үшін, Нұржігіттің туған-туысқандары үшін ерекше күн! Біз осы Тұрар Рысқұлов клиникалық ауруханасының реанимация бөлімінен Нұржігітті Тараз қаласындағы кликникалық аурухананың реанимация бөліміне ауыстырып жатырмыз.