Ерболат Досаев тағы бір жауапты қызметке тағайындалды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
Айта кетейік, директорлар кеңесінің құрамы сегіз адамнан тұрады, олардың төртеуі - тәуелсіз директорлар. Директорлар кеңесіне Премьер-министр Олжас Бектенов төрағалық етеді.