Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, жүлде иеленген спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Alash.KZ.
Іс-шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, жаттықтырушылар мен спортшылар қатысты.
Жиында Ербол Мырзабосынов жас дзюдошыларды әлем чемпионатындағы табысты өнерімен құттықтады.
Қазақстандық спортшылар жаһандық додада 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, барлығы 11 жүлдеге қол жеткізді. Бұл – отандық дзюдо тарихындағы әлем чемпионаттарындағы үздік нәтижелердің бірі.
Марапаттау барысында спортшылармен қатар, олардың жоғары нәтижеге жетуіне үлес қосқан жаттықтырушылардың еңбегі де атап өтілді.
Жаттықтырушы-кеңесші Седрик Пол Р. Таймансқа «Дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды. Ал Мейрлан Баймаханбетов, Талғат Тұрсынов, Сұлтан Өтешов, Бағдат Ерғазы, Алтынбек Сұпығалиев және Алмас Несіпберлинов «Спорт саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Дзюдо федерациясының вице-президенттері Серікбол Уразалин мен Ержан Зейндиновке ҚР Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамоталары табысталды.
Әлем чемпионатында жүлде алған 15 спортшыға министрліктің Алғыс хаттары берілді. Олардың қатарында 60 келі салмақта және командалық сайыста алтын медаль жеңіп алған Расулхан Ғабит, +90 келі салмақта және командалық есепте топ жарған Әділжан Жаудинов, сондай-ақ 52 келіде чемпион атанған Фатима Сұпығалиева бар. Бұдан бөлек, күміс және қола жүлдегерлер де марапатталды.
Командалық жарыста жеңіске жеткені үшін аға жаттықтырушы Мейрлан Баймаханбетовке арнайы жүлде қоры табысталды. Ал жеке бапкерлер Саламат Отарбаев, Айбек Садықов және Берік Жетпісбаев ҚР Туризм және спорт министрлігінің Құрмет грамоталарымен және Дзюдо федерациясының ақшалай сыйлығымен марапатталды.
Ербол Мырзабосынов дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
15:25, 27 тамыз 2026
Ашық дерекөздерден
Соңғы жаңалықтар
«Ешкім алып қашқан жоқ»: Меркіде қаза болған Мадинаның қайын жұрты мәлімдеме жасады
15:02, 27 тамыз 2026
«Шақыру түскен жоқ»: Ұлдана Мырзуанның сотында күтпеген деректер анықталды (ВИДЕО)
12:46, 27 тамыз 2026
31 тамыздан бастап: Қазақстандық әйелдерге пәтер алу мүмкіндігі қайта іске қосылмақ
12:22, 27 тамыз 2026