Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ербаянның өзінен-өзі құлап, мұндай ашық, ауыр ми жарақатын алуы мүмкін емес" - сарапшы Тахир Халимназаров

13:19, 31 тамыз 2024 1118

Журналист Дина Төлепберген әлеуметтік желіде сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты дерек бөлісіп, белгілі сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаровтың пікірін алға тартты, деп хабарлайды Alash.KZ. ұлттық порталы.

Белгілі сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров "Ербаянның өзінен-өзі құлап, мұндай ашық, ауыр ми жарақатын алуы мүмкін емес" екенін айтты. Бұл жайлы желіде журналист Дина Төлепберген хабарлады:

“Адам өзінен-өзі құлап, мұндай ашық ауыр ми жарақатын алмайды”. Белгілі сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Ербаян Мұхтардың диагнозына қарап осындай қорытынды шығарып отыр. Ал әскеридегілер бізге белгісіз куәгердің сөзіне сүйеніп, сарбаз өздігінен құлады деуде. . Оқиға осыдан 9 ай бұрын Алматыдағы 5571 бөлімшесінде түнгі сағат екілер шамасында жалпақ тілде “очко” дейтін жер-дәретханада орын алған көрінеді.

Туыстарының айтуынша, әскерде Ербаян үздіксіз әркімнен ақша сұрап жүрген. Ал әскерилер мұны түрлі тәтті алуға жұмсаған шығар деп отыр.

Тағдыры талқан болған тарланның тезірек тұрып, ақиқаттың ашылуын тілеймін… - деп жазды журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?