Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ер адам трансформаторлық станцияға шығып кеткен»: Ақмола облысында сұмдық оқиға тіркелді

15:01, 13 ақпан 2026

Ақмола облысында орналасқан жекеменшік пансионаттардың бірінде ерекше күтімді қажет ететін ер адамды ток соғып, салдарынан ол ауыр халде емдеу мекемесіне жатқызылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында орын алған. Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сәйкес, 12 ақпан күні түскі уақытта психикалық денсаулығында ауытқулары бар 1979 жылы туған азамат кешенді трансформаторлық қосалқы станцияға шығып кеткен. Сол жерде ол жоғары кернеулі электр тоғының соққысын алған.

Қазіргі таңда тергеу органдары аталған мекеме қамқорлығындағы тұлғаның қалайша қараусыз қалғанын және қауіптілігі жоғары нысанға кедергісіз баруының себептерін анықтап жатыр.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, болған жағдайдың барлық мән-жайын нақтылау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар