Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енесі мен қайын апаларынан қан-жоса боп таяқ жеген келіншек жан сырын айтты

12:12, 14 мамыр 2024 1611

Қызылорда облысында "енем мен қайын апаларымнан таяқ жедім" деген келіншектің видеосы İnstagram-әлеуметтік желісінде тарап кетті.

Видеода үш баласы бар келіншек қан-жоса боп таяқ жегені байқалады. 

"Енемнің аты - Бимаханова Жарқынай. Соларды (ред.қайын апалары) алдына салып әкеліп тұр. Бір ай бұрын үйде ұрысқанбыз екеуміз. Ол кезде де мені күйеуіме айтпағанды айтты қып, мені өтірікші қып шығарып, бәріне жаман қылған",- деген ол өзінің әрекетін дәлелдей алмағанын айтты.

Күйеуі ажыраспай, бірақ бөлек тұрайық деп ұсыныс тастапты.

"Жаңадан соққан катедж үйінде тұрайын деп жатқан тұғынмын. Неғып кірдің сен деп, атама барып, "мынаны сен қатын қып алайын деп жатсың ба?" деп сондай жала жауып тұр", -деді үш баланың анасы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар