Белгілі продюсер әрі әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ел күтпеген мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.KZ
Ол блогер Мөлдір Анарбаеваның бір-біріне жақсы сөздер айтып, артынша ажырасып кететін жұптарды сынаған видеосына пікір қалдырған.
"Туу, осыны айтатын адам табылды ау. Баяғыда енді үйлегенде, мен енемнің үйінде болып, күйеуім біраз уақыттан соң келсе, бет сүйісіп амандасуға ұялатынбыз, қалайсың дейді, мен жақсымын деймін болды. Ол кезде ата-ене, бауырлары алдында өзімізді мықты ұстаушы едік, даже баламызға емірене алмайтынбыз. Қазір бәрі жан-жан дейді. Әр адамның жаны өзінде, балаңды айтсаң болады "ей жаным сол" деп. Ақ патшам дейтіндер ше, артынан сүйреңдеп , шапылдап, қырылып ұрсып жатады. Онан қалса бүкіл әлеументтік желіде жамандап, масқарасын шығарып өсектеп, тіпті соттатып жатады. Сосын модаға айналды ғой, бірінің жасағанын бірі қайталап, маған енем күн көрсетпеді, күйеуім ұрып-соқты деп жылап тұрған өзін түсіріп тұрып, видеосын салып, елді бір шулатып, аянышты болып подписчик жинайды да, сонан соң, өзім жұмыс жасап сұмдық байып кеттім, енді мен сіздерге қалай өмір сүру керек, қалай мен сияқты баю керек, келіңіздер, сабақ үйретем, пәлен тұрады бағасы деп, аңқау елге, арамза молда бола салады. Сенейін десең, екінің бірі психолог, блогер, байып кеттім , сен неге отырсың мен сияқты байымай деп дүбір қағады. Таң қалатыным, соларға сеніп, ақшаларын аямай төлеп, дәріс алып әлек болады", - деп жазды ол.