Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді үкімет заңды түрде 9 жастағы қыздарды күйеуге беруді мақұлдады

15:57, 22 қаңтар 2025 225

Иракта 9 жастағы қыздарға тұрмысқа шығуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ирак парламенті жеке статус туралы заңға өзгерістер енгізіп, балалар некесін заңдастырды.

Бұл өзгерістер 1959 жылы қабылданған (әйелдердің отбасылық құқықтарын қорғауды қамтамасыз еткен) заңға қатысты.

 Өзгерістер ислам сотының неке, ажырасу және мұрагерлік мәселелеріндегі өкілеттіктерін күшейтеді.

Бұл бастама заңнаманы ислам принциптеріне сәйкес келтіру және Батыс мәдениетінің ықпалын азайту қажеттігін алға тартқан консервативті шиит депутаттарынан шыққан.

Иракта некеге тұрудың ең төменгі жасы – 18. Алайда жаңа өзгерістер дін қызметкерлеріне исламдық құқықты өз түсіндірмесі негізінде неке қию туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Кейбір діни көшбасшылар қыздарды жасөспірім кезінен немесе тіпті 9 жастан бастап тұрмысқа беруге болады деп санайды.

Адам құқықтарын қорғау ұйымдары жеке статус туралы заңға енгізілген бұл өзгерістерге қарсылық білдірді. Олар қыздардың балалық шақ құқығынан, ал әйелдердің ажырасу, қамқорлық және мұрагерлік мәселелеріндегі қорғау механизмдерінен айырылатынын айтады.

Парламент отырысы дау-дамаймен және процедуралардың бұзылуы туралы айыптаулармен аяқталды.

«Сессияға қатысқан депутаттардың жартысы дауыс берген жоқ, бұл кворумның бұзылуына әкелді», – деді.

Оның айтуынша, кейбір депутаттар наразылық білдірсе, енді бірі мінберге шығып кеткен.

Өткен жылдың соңында Қазақстанда имам 21 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыздың некесін қидырған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар