Әнші Мейрамбек Беспаев кино түсіргісі келіп жүргенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол бұл туралы инстаграм парақшасына жазды. Өз сөзінде әнші алдағы уақытта кино түсіретін ойы барын айтты.
Оқырмандарынан идея сұрап, әр адамның ойын білуге қызығушылық танытты.
Қазыргі кездері "кино" түсіргім кеп жүр. Қолымнан келеді деп ойлаймын. Фильмге жақсы сценарий болса бірге жұмыс істеуге дайынмын.
Қай жанрда түсірейік? Ойларыңызды жазыңыздар.
"Енді сен қалып ең кино түсірмеген"- дейтін достар әлі бастаған жоқпын уайымдамаңыздар!”,- деп жазды ол.