Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді ҚР Сыртқы істер министрлігі төлқұжат рәсімдеумен айналысатын болды

17:54, 17 шілде 2024 766

ҚР Сыртқы істер министрлігі енді төлқұжат рәсімдеу, төлқұжат беру, ауыстыру, қажет жағдайда кері қайтару мен шетелдік мекемелерге жүгінген жағдайда жою ісімен айналысады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Halyq Uni порталына сілтеп.  

ҚР Сыртқы істер министрлігінің құзіреті арқандығы жөнінде Үкіметтің 10 шілдедегі №542 қаулысында айтылған. 

Қаулы мәтініне қарағанда, министрлікке одан басқа, қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары аясында Қазақстанға өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарды, қандастардың жесірлерін және олардың ортақ балаларын Үкімет айқындаған өңірлерге кіру шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабардар ету міндеті жүктелген.

Еске сала кетейік, бұған дейін жеке куәлік пен төлқұжат беру қызметі Ішкі істер министрлігінің құзырында болып келді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар