Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді қазақстандықтардың бір бөлігі зейнетке ерте шыға алмайды

17:43, 11 желтоқсан 2025

Қауіпті жағдайда жұмыс істеп, ерте зейнетке шығуға үміттенген азаматтар үшін жаңа өзгерістер үлкен тосынсый болуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген жаңа бұйрық жобасы өндірістік тәуекелдерді басқару жүйесін түбегейлі жаңартуды көздейді, деп жазады Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған құжат жүздеген мың жұмысшы мен көптеген кәсіпорынға тікелей әсер етеді. Министрлік бұл өзгерістердің мақсаты — зиянды ортада жұмыс істегені үшін төленетін бұрынғы біркелкі өтемақы жүйесін өзгертіп, нақты тәуекелге негізделген әдіске көшу.

Бүгінде ерте зейнетке шығу құқығы мен кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) өндіріс аттестациясына және тізімдік тәсілге сүйенеді. Алайда түрлі деңгейдегі зиянды ортада жұмыс істейтін қызметкерлер бірдей жеңілдіктер алады.
Мысалы, жер астында еңбек ететін кенші мен көрсеткіші шамалы ғана асып тұрған лаборатория қызметкері бірдей көлемде жарна алады. Министрлік мұны әділетсіз деп санайды.

Жаңа реформа жарнаны нақты тәуекел деңгейіне байлайды. МКЗЖ тек үш санатта ғана төленеді:

  • 3-ші дәреже – орташа тәуекел

  • 4-ші дәреже – жоғары тәуекел

  • 5-ші дәреже – өте жоғары тәуекел

Егер жұмыс орнындағы тәуекел төмен болса, жұмыс беруші кәсіби жарналар төлеуден босатылады. Тәуекел төмендегені расталса, жарна төлеу міндеті де тоқтатылады.

Министрлік халықаралық тәжірибені мысалға келтіреді: ЕО елдерінде зиянды жұмыс үшін қосымша төлемдер жоқ, өйткені "адамды денсаулығына зиян келетін жұмысқа ақша арқылы итермелеуге болмайды" деп есептеледі.
Жаңа модельде кәсіпорындарға қауіпті азайтуға ақша салу тиімдірек болмақ. Егер жұмыс беруші жабдықты жаңғыртып, фильтр орнатып немесе процестерді автоматтандырса, тәуекелдің төмендеуі арқылы МКЗЖ-дан үнемдей алады.

Бұрынғы бес жылдық аттестацияның орнына кәсіби тәуекелдерді тұрақты бағалау жүйесі енгізіледі. Барлық өлшемдер аккредиттелген ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Мұндай ұйымдар арнайы тізілімге тіркеліп, зертханасы болуы және штатында сертификатталған сарапшылар ұстап отыруы шарт.

Барлық процесс — HR.enbek.kz порталы арқылы цифрлы форматта жүзеге асады.

Болашақта не өзгереді?

Мемлекет 2025 жылы кәсіпорындардың 30%-ын, 2030 жылға қарай 80%-ын толық цифрлық бақылауға алуды жоспарлап отыр.

Бизнес үшін екі ғана жол қалады:

  1. өндірісті жаңғыртып, тәуекелді азайту;

  2. немесе қауіпті орта үшін кәсіби жарналарды төлеуді жалғастыру.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар