Продюсер Гүлзира Айдарбекова Revue News-ке берген сұхбатында енді шығармашылықтағы жауапкершілікті ұлының өзіне тапсыратынын жеткізді, деп хабарлайды Alash.KZ.
“Осы уақытқа дейін жүгіріп келдім. Енді аттың тізгінін өз қолына беретін кез жетті. Жас емес, ары қарай өзі алып кетеді. Өзінен кейін шәкірт тәрбиелесе де – өзі біледі. “Осыларды қайтсем өсіремін, қайтсем дамытамын?” деп қанша жыл жүгірдім, уақытымды тек отбасыма арнадым. Енді өзіме уақыт бөлгім келеді”, – деді ол.
Айдарбекованың айтуынша, ұзақ жылдар бойы бар күшін отбасына арнағандықтан, енді жеке өміріне көңіл бөлуге ниетті.