Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді мектептерде гинекологтар пайда болуы мүмкін: Министр шұғыл мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

17:24, 22 қазан 2025 538

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова соңғы күндері қоғамды дүр сілкіндірген жасөспірімдер арасындағы жүктілік оқиғаларына байланысты пікір білдірді, деп Alash.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, мұндай қайғылы жағдайлар білім беру ұйымдарындағы жүйелі кемшіліктер мен бақылаудың әлсіздігін көрсетіп отыр.

"Қазір денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, мектептерге гинеколог мамандарды қайтару жолдарын талқылап жатырмыз. Бұл ертеңгі күні осындай жағдайлардың алдын алу үшін қажет қадам", – деді Сүлейменова.

Ол мұндай оқиғаларға қоғамның бейжай қарамауы керектігін атап өтті.

"Мұндай жағдайға тап болған балалар ауыр психологиялық күйзеліс көреді. Ең бастысы – оларға моральдық және психологиялық көмек көрсету, білім алуын жалғастыруға мүмкіндік беру", – деді министр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар