Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді балаларға арналған екпеден бас тарту мүлде қиындай түспек

18:25, 05 қараша 2024 520

Енді балаларға арналған вакцинация электронды түрде ақпараттандырылған келісім алғаннан кейін ғана жүргізіледі, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Техникалық ақаулар болған жағдайда растау сканерленген көшірме түрінде қабылданады. Мұндай келісімді науқастардың өздері немесе олардың заңды өкілдері береді.

Stan.kz ақпаратынша, Егер адам немесе оның заңды өкілі екпеден бас тартса, бұл да электронды форматта жазылады. Келісім беру немесе бас тарту туралы барлық деректер медициналық ақпараттық жүйелерге енгізіледі.

Сондай-ақ аталмыш өзгерістер медицина қызметкерлерінің міндеттеріне де қатысты. Екпе алған адам қоңырау шалған жағдайда, медицина қызметкері дереу қажетті медициналық көмек көрсетіп, қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызуды ұйымдастыруы керек.

Вакцинациядан кейін науқаста екпенің жанама әсері пайда болса медицина қызметкері санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің аумақтық бөлімшесіне және мемлекеттік сараптама ұйымына жедел электрондық хабарлама жіберуге міндетті.

Техникалық ақаулар туындаған жағдайда хабарламаның сканерленген нұсқасы да жарамды болып есептеледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар