Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ең сорақысы…Өз шегі бар!»: Дариға Бадықова өткір мәлімдеме жасады

09:20, 29 қазан 2026

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде өмірін талқылап, орынсыз пікір білдіретін жандарға жауап қайтарып, қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі өзгелердің өміріне үкім шығарып, сынға алатындардың әрекетіне ашуланғанын жасырмады. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында төмендегідей ойын ашық жеткізді:

«Ең сорақысы, өзгенің өміріне үкім шығарып отырғандар өз өмірлеріне бір сәт әділ қарап көрмейді! Естеріңде болсын, менің өмірім сендердің талқылайтын меншіктерің емес. Мен сендердің рұқсаттарыңмен өмір сүрмеймін».

Сонымен қатар актриса біреудің өмірін сөз етудің жақсылыққа апармайтынын ескертіп, ешкімнің ертеңгі күнге кепілдік бере алмайтынын атап өтті. Актриса өз сөзін былай деп жалғастырды:

«Бүгін біреудің өмірін табалап, ертең өз бастарыңа не келетінін білмейсіңдер. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңның ертеңгі тағдыры қандай боларын да білмейсіңдер. Ешкім баласының болашағына, денсаулығына, бақытына кепілдік бере алмайды. Сондықтан өзгенің тағдырын талқыламас бұрын, осыны бір ойланыңдар! Біреудің бүгінін мазақ етіп, өз ертеңдеріңе тым сенімді болмаңдар!».

Дариға Бадықова біреудің тағдырына баға бермес бұрын, әркім өзінің тірлігімен айналысып, өзін дамытуы керектігін қатаң ескертті. Ол оқырмандарына қарарата кесіп айтты:

«Біз сендер сияқты біреудің өмірін аңдып, пікір жазып отырған жоқпыз. Еңбек етіп, тіршілігімізді жасап, өз өмірімізді сүріп жүрміз. Сендер де солай жасап көріңдер! Біреуді күндеудің орнына өздеріңді дамытыңдар! Менің үндемегенімді әлсіздікке, тәрбиемді қорқақтыққа баламаңдар. Үндемегенге үдемеңдер! Әр нәрсенің шегі бар! Өзгенің өміріне ақыл айтатындай әулие болсаңдар, алдымен өз өмірлеріңді түзеп алыңдар! Бүгін айтқан әрбір ауыр сөздерің үшін ертең жауап беретіндеріңді ұмытпаңдар».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар