Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ең керемет әкімшілік менің тұсымда болды» - Трамп халқына үндеуін жолдады

15:41, 18 желтоқсан 2025

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп кеше ел халқына арнайы үндеу жасап, өз әкімшілігінің жұмысын тарихи кезең деп бағалады, деп хабарлайды Alash.kz. 

Мемлекет басшысы елді күрделі жағдайда қабылдап алғанын айтып, бүгінде АҚШ-тың ішкі және сыртқы позициясы нығайып келе жатқанын мәлімдеді.

Трамптың айтуынша, оның әкімшілігі АҚШ тарихындағы ең табысты басқару жүйелерінің бірі саналады. Ол бұрынғы президент Джо Байден тұсында ел әлсіреп, экономика мен халықаралық беделдің құлдырағанын атап өтті.

«АҚШ тарихындағы ең керемет әкімшілік менің тұсымда болды. Бұл — тарихи сәт. Байден елді құлдыратып кетті, ал мен оны қайта аяқтан тұрғызудамын. Қазір бүкіл әлем АҚШ-ты құрметтейді әрі одан сескенеді», — деді Трамп.

Сондай-ақ президент өз сөзінде ұзақ жылдарға созылған соғыстардың тоқтатылғанын айтып, бұл шешімдерді өзінің басты жетістіктерінің бірі ретінде атады. Экономикаға қатысты Трамп бағаның төмендеп жатқанын, ал жалақының қарқынды өсіп отырғанын алға тартты.

«Бағаларға қараңыздар! Ол төмендеуде. Жалақы бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсіп жатыр, инфляция тіпті жалақы өсіміне ілесе алмай отыр», — деді мемлекет басшысы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар