Павлодар облысында кәріз құдығына түскен алты адам қаза тапты, деп жазады Alash.kz.
Қайғылы оқиға Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында орналасқан Aqtogai Milk ЖШС аумағында орналасқан кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде болған.
Облыстық жедел жәрдем стансасының мәліметінше, шақырту 20 шілде күні сағат 12:01-де түскен. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның қайтыс болғанын анықтады. Қаза тапқандардың ең жасы – 16 жаста.
1988 жылы туған тағы бір азамат аман қалып, Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған орташа дәрежедегі көмірқышқыл газынан улану диагнозын қойған. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиғаға байланысты Павлодар облысы полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген ресми хабарламада.