Әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, жан сырын ақтарды, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі 25 жыл бойы араласқан жақын досының сатқындығы туралы айтып, басынан өткен қиын жағдайды еске алды.
Айгүл Иманбаева сенім артқан адамның әрекеті оған үлкен соққы болғанын жеткізді.
“Ең ауыр соққы жауыңнан емес, дос деп жүрген жақыныңнан тиеді” дегенді бұрын жай сөз өретінмін...
Өкінішке қарай, достан келетін пасықтық пен иттікті өзім де бастан кешірдім. Сенген адамыңның артыңнан пышақ ұруы — үлкен сабақ екен…”, –деп жазды Айгүл Иманбаева.