Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елін сүйген басшы: Бүгін - Дінмұхаммед Қонаевтың қайтқанына 31 жыл толды

18:21, 22 тамыз 2024 209

Бүгін Дінмұхаммед Қонаевтың қайтқанына 31 жыл толды. Алматыда бюстіне гүл шоқтары қойылды, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Іс-шараға Дінмұхамед Қонаевтың серіктестері мен ізбасарлары, туыстары мен жақындары, қоғам өкілдері, қала тұрғындары мен оның қонақтары қатысты.

 

"Димаш Ахмедұлы мәңгі жүрегімізде. Оның еңбегі мен жетістіктері әркез ел есінде. Бұған биыл Дінмұхамед Қонаевтың өмірі мен қызметіне арналған кітаптардың шығуы дәлел", - деп атап өтті Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қордың президенті Эльдар Қонаев.

Салтанатты рәсім соңында қатысушылар үшін Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйіне және мемориалдық пәтеріне экскурсия өтті. Экспонаттар қатарында 1992 жылы Дінмұхамед Ахмедұлына сыйға тартылған және демеушілердің қолдауының арқасында кезекті мерейтойына қалпына келтірілген Pontiac Grant Prix жеке автокөлігі ерекше көзге түсті. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар