Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Еліміздің жас конькишілері әлем кубогында төрт алтын медаль жеңіп алды

16:19, 22 ақпан 2026

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Кристина Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарда топ жарды.

Нео-сеньорлар арасындағы 1000 метрде жүлделер толықтай қазақстандық спортшыларға бұйырды. Инесса Шумекова бірінші орын алды, Дарья Важенина екінші болды, ал Алина Дауранова үздік үштікті түйіндеді. Сондай-ақ Қазақстан (нео-сеньорлар) әйелдер арасындағы командалық спринтте жеңіске жетті.

Андрей Семёнов 1000 метрде (нео-сеньорлар) күміс жүлдеге ие болды. Ал әйелдер арасындағы командалық спринтте Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші орын алды.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы командалық спринтте (нео-сеньорлар) қола медальға ие болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар