Бұл жарыста Рыбакина үшінші ракетка болып тіркеліп, үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 23-орында тұрған америкалық 22 жастағы спортшы Эмма Наварромен кездесті. Оның алдында ол Қытай теннісшісі Чжу Линьді жеңіп, ¼ финалға жолдама алған болатын. Ал Наварромен ойында Рыбакина матчты жақсы бастап, бірінші партияда 5:0 есебімен алға шығып, сетті 6:1 есебімен жеңді.
Екінші сетте тай-брейкте Наварроның асығы алшысынан түсті. Ол 7:6 (8:6) есебімен басым түсті.
Үшінші, шешуші партияда Елена Рыбакина брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Содан кейін қарсыласына ұпай жинауға мүмкіндік бермей, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Мачт 2 сағат 10 минутқа созылды. Осы уақытта отандасымыз 10 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын жақсы пайдаланып кетті.
Енді Рыбакинаны жартылай финал күтіп тұр. Ол ½ финалға шығу үшін әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.
Фото: Қазақстан теннис федерациясы