Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Париждегі ойындардан бас тартуының себебі туралы алғаш рет көпшілік алдында бейне хабарлама жасады, деп хабарлайды Alash.KZ.
Спортшы қазақстандықтардан үміттерін ақтай алмағаны үшін кешірім сұрады.
Қазақстан теннис Федерациясында Рыбакинаның Уимблдоннан кейін бірден денсаулығына байланысты проблемалар туындағанын түсіндіреді, бірақ теннисші олимпиадаға жағдайы нашарлағанша дайындықты жалғастырған көрінеді.
Қазіргі уақытта Рыбакина әлі де емделуде.
Естеріңізге сала кетейік, теннис бойынша Қазақстан командасы Париждегі Олимпиадаға қатысуын аяқтады. Біздің теннисшілер бірде-бір матчта жеңіске жете алмады.