Украиналық журналист Виктория Рощина 2023 жылдың жазында Ресейдің тұтқынына түскеннен кейін қатты азапталған, деп хабарлайды Alash.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оны электр тоғымен азаптағаны соншалық, денесі көгеріп кеткен. Оның денесінде пышақ жарақаттары болған, ал салмағы 30 килограмға дейін түсіп кеткен. Ресейлік колония қызметкерлері оны тексерістерден жасыруға тырысқан.
Оны соңғы рет 2024 жылдың 8 қыркүйегінде көрген. Бір айдан кейін Ресей Қорғаныс министрлігі оның қайтыс болғанын отбасына хабарлады.
Естеріңізге сала кетсек, Ресейде тұтқында отырғанда қаза тапқан украин журналисі Виктория Рощина өзін тоқпен азаптағанын айтып берген, ал онымен бір камерада отырған адам журналистің денесінде пышақтан түскен жарақат іздері барын көрген.