Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елдос Сметовке Астанадан 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды

10:03, 08 қыркүйек 2024 513

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Астана қаласының да тұрғыны атанды. Алтын еншілеген споортшы әлеуметтік желі парақшасында ағынан жарылып, көпшілікке алғыс білдірді, деп хабарлайды  Alash.KZ ұлттық порталы

Бүгінгі таңда ҚР Дзюдо Федерациясының президенті Қуанышбек ағамыз олимпиададан алған жүлдеміз үшін марапаттап, өзінің құрметін көрсетті.

Жеке басымнан Қазақстан Республикасының Дзюдо Федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев @kuanyshbekesekeev мырзаға жеке алғысымды білдіремін, осы олимпиада ойындарына барғанда маған үлкен сенім артқан, менің қандайда бір нәтиже көрсетуіме жауапкершілікті өзінің мойнына алған, үнемі қолдау көрсетіп, бірге жұмыс жасаған жеке бапкеріме Ғалымжан Жылгелдиев @dzhilgeldievgalymzhan өзімнің үлкен рахметімді айтқым келеді.

Осы уақытқа дейін мені қолдап жүрген ҚР Туризм және спорт министрлігіне алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қатар, министрліктің басшысы Мырзабосынов Ербол Қуантайұлы ағамызды @yerbolmyrzabossynov_official жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймын. Осы жолда маған көрсеткен қолдауларыңыз үшін ерекше алғыс!

Алдағы уақытта жетістіктеріміз мол, жеңісті күндеріміз көп болады деп сенемін.
Мемлекетіміздің көк байрағы желбіреп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! - деп жазды спортшы. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар