Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елдос Сметов әнші Төреғали Төреәліге ел күтпеген ерекше сыйлықты тарту етті

08:53, 13 тамыз 2024 5215

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жеңісін тойлау мақсатында Төреғали Төреәліні өз шаңырағына қонаққа шақырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Әнші Елдос Сметовтен өзі күтпеген ерекше сыйлыққа ие болды. Ол чемпионға алғысын жаудырып, ұлдарының өзіне ұқсаған чемпион болуын қалайтынын жеткізді.

"Саған Алла разы болсын. Бір-бірімізге деген қолдауымыз ешқашан бітпесін. Ақыреттік достар болайық. Маған өзі тапсырма берген ғой. Өзім жаттыққанда киген, өзім терлеген киімдерімді ұлдарына сыйлағым келіп тұр. Қазақ ырымшыл халықпыз ғой", - деді Сметов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар