Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзін сынағандарға жауап қайтарды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Елдос Сметов жанында анасы жүрген видеоларға қатысты жазылған әр негатив пікірге жауап берді. Оның айтуынша, кім не жазса да бұл сол отбасының қуанышы.
“Әлеуметтік желіге қарамайын десем де, әйтеуір бір қарап қоямын. Қазір олимпиада чемпионы болдым. Чемпион болғаннан кейін ештеңе жазылмайтын шығар деп ойладым. Бірақ әлі жазып жатыр екен. Менің жүріс тұрысым, келіншегім артымда келе жатыр ма, алдым да келе жатыр ма, анам жанымда келе жатыр ма әйтеуір көп нәрсе жазылыпты. Енді ел алдына қалай шығайын, өзімнің жеке басымның қуанышы”, – деді Сметов.