Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елдос Қазақстанда қалмауы керек - Аслан Қаженов

09:07, 20 тамыз 2024 530

Спорт журналисі Аслан Қаженов Назгүл Әмірбекке берген сұхбатында Елдос Сметовке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, көпшілік Елдостан алтын күтпеген.

"Рейтингке қарағанда Елдостан гөрі Абибадан алтын күтті. Өкінішке орай Абибаның жолы болмады. Елдос тарихи нәтиже тіркеді. Бұған дейін екі олипиадада тәжірбиесі бар. Бірге жыладық, бірге қуандық. Қазір елде алып-қашпа әңгіме көп екен. Елдостың сақалына, анасына тиісіп жатыр. Спорт жанкүйерлеріне осы нәрседен биік болайықшы деп айтқым келеді. Егер біз Елдостың сақалымен алысатын болсақ, сол жерде тоқтап қаламыз. Дінге, жеке басына қатысты нәрселер өзіне ғана тиесілі болып қалуы керек. Ең бастысы бізге алтын әкеліп берді. Оған ешқандай әңгіме айта алмаймын. Тарихты жасап жатқан бір ғана Елдосымыз бар. Оның өзіне елге келгенде жұлмалап жатырмыз. Еркелігін көтерейік, Елдосты түсініп, қолдауымыз керек", - деді ол.

Аслан Қаженов алдағы уақытта Елдос Сметовті халықаралық дзюдо федерациясынан көргісі келетінін айтты.

"Алдағы уақытта Елдос депутат, әкім болып кетпесе екен. Жеке бапкері де "Елдос дзюдода жүрсе" деп айтты. Менің ойымша, Елдос Қазақстанның деңгейінде қалып қоймаса екен. Халықаралық дзюдо федерациясы бар. Елдосты сол жақта көргім келеді. Сонда жұмыс істеп, қазақ балаларының ешкім аяқтан шалмауына көмектесіп отырса өте жақсы болар еді", - деді ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар