Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Елдің назарын аударғысы келетіндер көбейіп кетті»: Димаштың әкесі тың мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

17:24, 21 шілде 2026

Қазақстанның мәдениет қайраткері, танымал әнші әрі продюсер Қанат Айтбаев «Azamat LIVE» подкастына берген сұхбатында заманауи өнердегі былапыт сөздер мен ән мәтіндерінің сапасы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Alash.kz.

Сұхбат барысында өнер иесі ән сөзінің қандай болуы керектігіне және өнер адамының қоғам алдындағы жауапкершілігіне кеңінен тоқталып, өзінің пікірін білдірді. Сондай-ақ ол қазақ халқының сөз қадірін жоғары бағалайтынын айта келе, соңғы уақытта жеңіл жолмен танымалдылыққа ұмтылатындардың көбейіп кеткеніне қынжылыс білдірді.

Продюсер сұхбат барысында:

«Қазақ – қашанда сөздің қадірін білген, сөз асылын бағалаған халық. Өкінішке орай, қазіргі уақытта көшенің бейпіл, былапыт сөздерін әнге қосып, арзан бедел жинап, елдің назарын аударғысы келетіндер көбейіп кетті», - деп өз ойын ашық жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар