Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Елдегі 3 мың қоқыс полигонының 80 пайызға жуығы талапқа сай емес» – Экология министрі

09:30, 05 ақпан 2024 318
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елдегі қоқыс полигондарының жағдайын баяндады.

Оның айтуынша, біраз өңірде қалдықтарды сұрыптап бөлек жинау жұмыстары ұйымдастырылған.
«Әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, еліміздегі 207 қала мен аудан орталықтарынан 130 елді мекенде әр түрлі кезеңдерде қалдықтарды бөлек жинау, 103 елді мекенде сұрыптау желілері немесе қолмен сұрыптау ұйымдастырылған. 2023 жылы республика бойынша қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) полигондарының саны 3016 болды. Өкінішке қарай, соның 624-і (20,6%) экологиялық және санитариялық нормаларға сәйкес», – деді министр ОКҚ-де өткен брифинг барысында.

Нысанбаевтың сөзінше, қазіргі кезде әкімдіктерге қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамытуға қажетті құзыреттер беріліп отыр.

Фото: Pixabay
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар