Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ел болашағының іргетасын қалаушы…” - Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздар күнімен құттықтады (ВИДЕО)

11:03, 05 қазан 2025 112

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ғалым да, кенші де бас иетін ардақты ұстаздарды төл  мерекесімен құттықтады, деп жазады Alash.kz.

Ыбырайдың ізімен, Абайшалап “ақырын жүріп, анық басып”, балаға үйретуден танбаған ұлағатты ұстаздардың орны - әрдайым төрде. Қазіргідей қоғамда мұғалім тарапына қандай күйе жағылса да, олардың болашақ алдындағы жүгі мен еңбегі - өзгелерден орасан.

Осы орайда жуырда ғана елдің Бас Ұстазы атанған Жұлдыз Сүлеуменова әріптестеріне жүрек жарды тілегін жолдады.

Құрметті ұстаздар, қадірлі әріптестер!

Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын Ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөзі мұғалімнің ел болашағының іргетасын қалаушы ретінде маңызды рөлін дәлелдей түседі. Біздің міндет – білімді, адал, жаһандық бәсекеге қабілетті, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ел болашағының сенімді әрі сапалы негізін қалау. 

Мұғалімнің жай ғана мамандық иесі емес, қоғамның озық тұлғасы ретінде беделін биіктеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстазды қоғамның басты кейіпкері ету - мемлекеттік саясаттың басым бағыты деп айқындаған болатын.

Мемлекет басшысы мұғалімдердің құқықтық мәртебесін одан әрі нығайтуды тапсырып, бірнеше міндеттер жүктеді. Осыған байланысты біз Парламент Мәжілісімен бірге заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыратын боламыз және осы жолы да ұстаздар қоғамдастығымен міндетті түрде ақылдасатындығымызды да атап өткім келеді. 

Балаларымызға сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие беру де педагогикалық қауымдастыққа жүктелген аса маңызды міндет. Оған мемлекет пен мектеппен қатар, ата-аналардың да атсалысуы өзекті. Құрметті ұстаздар!

Баршаңызға келіп жеткен ұстаздар мерекесі құтты болсын! Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өнегелі еңбектеріңіз жемісті болсын!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар